
Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті табиғи газ тұтынушыларының назарына!
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №210 бұйрығымен, ішкі нарықтағы тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының өсуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №43-02-07/477 санды хатымен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметінің шекті бағасы 1000 текше метрге ҚҚС-мен 20542,21 теңге (1 текше метрге 20,54 теңге), ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) тобы үшін 1000 текше метрге ҚҚС-мен 16433,77 теңге ( 1 текше метрге 16,43 теңге ) мөлшерінде келісілді.