Тұтынушылардың назарына

 Жалағаш ауданы Жалағаш кенті және Қармақшы ауданы Жосалы  кенті табиғи газ тұтынушыларының назарына!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023  жылғы 6 маусымдағы  №210 бұйрығымен, ішкі нарықтағы тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының өсуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №43-02-07/477  санды хатымен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметінің шекті бағасы 1000 текше метрге ҚҚС-мен 20542,21 теңге  (1 текше метрге 20,54 теңге), ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) тобы үшін 1000 текше метрге ҚҚС-мен 16433,77 теңге  ( 1 текше метрге 16,43 теңге )   мөлшерінде келісілді.

Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті табиғи газ тұтынушыларының назарына!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023  жылғы 6 маусымдағы  №210 бұйрығымен, ішкі нарықтағы тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының өсуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №43-02-07/476  санды хатымен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметінің шекті бағасы 1000 текше метрге ҚҚС-мен 20953,39 теңге  (1 текше метрге 20,95 теңге), ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) тобы үшін 1000 текше метрге ҚҚС-мен 16762,70 теңге  ( 1 текше метрге 16,76 теңге)   мөлшерінде келісілді.